Сот органдары браконьерлікке «онша елеулі емес қылмыс» деп қарайды - Е. Әлзақов
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сот органдары браконьерлікке «онша елеулі емес қылмыс» деп қарайды. Бұл туралы бүгін Алматыда ақбөкендерді қорғау мәселелері бойынша өткен кезекті жұмыс отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры Ерзат Әлзақов мәлім етті.