World News in Kazakh

Ақтұйғын

Ақтұйғын — қаршыға тұқымдастарына жататын жыртқыш құстардың ішіндегі ең қыран құс. Негізігі аты — тұйғын, қазақ құсбегілері түсінің аппақ болып бітуіне орай көбінесе — "ақтұйғын" деп атайды. Оның жоны ақ, дене бітімі жұп-жұмыр болып келеді. Қазақстанның шөлейт өлкелерінен басқа өңірлерде сирек те болса кездеседі.

Сипаты

Тұйғынның қаршығадан түр-түсінің өзгешелігі болмаса, қанат құйрығының жаратылысы мен сүйек бітімінде айырмашылық шамалы. Алайда, қазақ құсбегілерінің арасында қаршығадан гөрі тұйғын көбірек қадірленеді. Ол қаршығаға қарағанда шалымды келеді. Егер қаршыға мен тұйғынды құсқа қатар жіберсе, қаршыға жер ортаға жеткенше тұйғын нысана еткен құсын бір түйіп үлгереді. Тағы бір ерекшелігі сырт тұлғасы дөңгелектеу және қаршығадан кішілеу, сүйкімділеу...

Читайте на 123ru.net