World News in Kazakh

Қазақстанда стендап-комик қамауға алынды

Қазақстанда стендап-комик қамауға алынды

Сот кешке жиналғандарды балағаттаған қазақстандық стендап-комикті 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот айыпталушының ойын-сауық мекемесінде стендап кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер қолданып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады", - делінген хабарламада. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады".

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, мамырдың басында Қазнетте қорлау мен жала жабуға байланысты жанжал шыққан болатын. Мадлен лақап атымен танымал блогер Мадинахон Мамадалиева өзіне қтысты балағат сөздер айтқан әзілкеш Нұрасхан Басқожаевты айыптап, мәлімдеме жасаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net