World News in Kazakh

Синоптиктер Астанада қар жауатынын ескертті

Синоптиктер Астанада қар жауатынын ескертті

Синоптиктер Астана тұрғындарына алдағы үш күнде жауын-шашын, соның ішінде қар жауатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, 25 мамырда елордада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады), күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады 9-14, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 6-8 градус жылы.

26 мамырда Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады), күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 13-15 градус жылы. Дүйсенбі, 27 мамырда синоптиктердің болжауынша, Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа бұрылып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net