World News in Kazakh

Алматыда бір тәулікке жолдардың екі учаскесі жабылады

Алматыда бір тәулікке жолдардың екі учаскесі жабылады

Алматыда бір тәулікке жолдардың екі учаскесінде қозғалыс жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда 25 мамырда таңғы сағат 06:00-ден 26 мамырда таңғы сағат 06:00-ге дейін жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысы жабылады.

"Бұл Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі Батыс Желтоқсан көшесі, онда жылу желілерін реконструкциялаудан кейін жол жабынын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Шевченко көшесінің Достық даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде Ұлттық Ғылым академиясының ғимаратын реконструкциялау аясында жол төсеміне жөндеу жүргізілетін болады. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және өз бағыттарыңызды алдын ала анықтап алуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net