World News in Kazakh

"Ашулы жұрт екі үйге басып кірмек болып, көліктерді бүлдірді". Жібек жолы ауылында не болды?

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында 11 сынып оқушысы "14 жасар қызды зорламақ болды" деген сыбыс тарағаннан кейін көшеге шыққан ашулы адамдар екі үйге басып кірмек болған. Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, үйдің, көліктің терезелері сынған деген ақпарат бар. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Екі адам қамауға алынған. Қазір ауылдың кіреберісін қарулы полиция күзетіп тұр.

Читайте на 123ru.net