World News in Kazakh

Елде АЭС-ке қарсы "митинг жоспарланған жерлерде" күзет күшейді

Референдум қарсаңында Қазақстан билігін сынап жүрген қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов пен оның жақтастары жұртты 6 қазан күні әр қаланың орталығына шығып, наразылық білдіруге үндеген. Митингілер өткен жоқ. Жиналатын орын деп көрсетілген жерлерде күзет, қоршау, автозак тұр. Бірнеше белсенді үйінің алдында әлдекімдер торуылдап жүргенін хабарлады, ал алаңға жете алған жалғыз азаматты полиция ұстап әкетті.

Читайте на 123ru.net