АҚШ әділет министрлігі: Иранның арнайы қызметі Трампқа қастандық ұйымдастырған
Иран ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампқа қастандық ұйымдастырған. АҚШ әділет министрлігінің сайтында осылай деп жазылған.
АҚШ билігінің хабарлауынша, қастандық ұйымдастыру ісі бойынша 49 жастағы Карлайл Ривера және 36 жастағы Джонатан Лоадхолт тұтқындалған. Тағы бір күдікті 51 жастағы Фархад Шакери басқа елде деп айтылады. Америка билігі оны Иран ислам революциясы сақшылар корпусының агенті деп атап, бірнеше қастандық ұйымдастырған желіге жетекшілік еткен деп санайды.
Болжам бойынша, Иран ислам революциясы сақшылар корпусы Шакериге Нью-Йоркте тұратын тегі еврей екі азаматты аңдып, оларды өлтіруді тапсырған. Бұған қоса, Шри-Ланкадан келген израильдік туристерді де аңдуды бұйырған. Биыл 7 қазанда Трампты өлтіру жоспарын жасауды да тапсырған-мыс.
Болжам бойынша, Ривера мен Лоадхолт Нью-Йоркте тұратын журналист болып істейтін тегі ирандық Америка азаматын аңдуы керек болған. Иран билігін сынап жүрген журналисті де олар өлтірмек болған.
АҚШ әділет министрлігінің хабарлауынша, Фархад Шакери Иранда туған, алайда бала кезден бастап АҚШ-та тұрған. Ол сонда тонау бабы бойынша сотталып, 14 жыл түрмеде отырған. Қамаудан шыққаннан кейін 2008 жылы ол еліне депортацияланған. Америка билігінің болжамынша, ол Ривера мен Лоадхолтпен түрмеде танысқан. Үшеуін де Иранның арнайы қызметі өздеріне тартқан.
Осы жылдың тамыз айында АҚШ әділет министрлігі Иранмен байланысы бар делінген Пәкістан азаматына "саяси қастандық жасамақ болды" деген айып таққан. ФБР тергеушілері ол Дональд Трамп және басқа да қазіргі және бұрынғы АҚШ шенеуніктері мен саясаткерлеріне қастандық жасамақ болған деп топшылайды.
13 шілдеде Пенсильваниядағы сайлауалды митингіде оқ атылып, Трамп жеңіл жарақаттанған. Митингіге қатысушылардың бірі қайтыс болды, тағы екі адам ауыр жарақаттанды. Шабуылдаушы, Пенсильваниядан келген 20 жастағы Томас Мэттью Круксты күштік құрылымдар атып өлтірді.