World News in Kazakh

Қазақстанның бірқатар банкі Газпромбанк картасымен жұмыс істеуді тоқтатты

Шетел банктері қытайлық UnionPay төлем жүйесімен істейтін ресейлік Газпромбанктің карталарына қызмет көрсетуді тоқтатты. 


ТАСС агенттігінің жазуынша, Газпромбанк карталары Түркия, Германия, Таиланд, Венгрия, Вьетнам, Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істеуді тоқтатқан. 


Газпромбанк картасынан ақша алуға тырысқан кезде банкоматтар техникалық ақау болғанын хабарлайды немесе картаға қызмет көрсетілмейтінін ескертеді. 


Астанада жуырда Газпромбанк карталарынан ақша алуға болатын, сонымен бірге олардың терминалдары арқылы төлем жасауға мүмкін еді. Мұнда да қазір аталған картаға қызмет көрсетуді тоқтатты. 


Ал банктің сайтында UnionPay картасын рәсімдеу мүмкіндігі туралы ақпарат өшірілген. Банк шетелде жүрген клиенттеріне UnionPay карталарын пайдалануда қиындықтар пайда болуы мүмкін екенін ескертіп, қолма-қол ақша шығарып алуға кеңес берген.


Кейінірек Газпромбанк Union Pay-дің кредит карталарынан комиссиясыз қолма-қол ақша алу функциясын мүлде алып тастаған. 



АҚШ қаржы министрлігі 21 қарашада Газпромбанк және шамамен 50 ресейлік банкке санкция салған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны "Еуропаға газ тасымалдауға кедергі келтіру талпынысы" деп атауға болады деп мәлімдеді. Шетел сатып алушылары Газпромбанк арқылы Ресей газы үшін есеп айырысып келген.  

Читайте на 123ru.net