Әділет министрлігі: Қазақстан үкіметі мен Стати арасындағы дау реттелді
Қазақстан үкіметі мен молдовалық кәсіпкер Анатол Стати арасындағы дау реттелді. Бұл туралы 18 желтоқсанда Қазақстанның әділет министрлігі хабарлады.
"Қазақстан үкіметі, Ұлттық банк пен Стати тараптары Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзаққа созылған дауды реттеуді сәтті аяқтады", – деп мәлімдеді министрлік.
Әділет министрлігі мәселені түпкілікті реттеу туралы қол қойылған келісім алда дау шықса, оларды қайта бастау құқығынсыз тоқтатуға негіз болады деді. Келісімнің нақты шарты құпия саналады.
Әділет министрі Азамат Есқараев бұған бюджет қаржысы пайдаланылған жоқ деді. Оның сөзінше, ұзаққа созылған дау аяқталғаннан кейін Қазақстанға инвестиция тартып, ел экономикасын дамытуға қосымша мүмкіндіктер пайда болады.
Министрліктің ақпаратынша, Стати құрған Tristan Oil компаниясының облигацияларын ұстаушы Argentem Creek Partners-тің директоры Дэниел Чепмен "президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетел инвесторларының Қазақстан туралы түсінігін өзгертудегі көшбасшылығына алғыс айтып, болашақта жаңа жобалар бойынша жұмыс істеуді асыға күтеміз" деген.
"Стати ісі" 2010 жылы басталған. Сол жылы Стокгольм сауда палатасының жанындағы арбитраж трибуналы алғаш рет Анатол Стати мен оның ұлы Габриэль Статиге тиесілі компаниялар тобының Қазақстан үкіметінің үстінен түсірген бизнесті заңсыз тартып алу жөніндегі шағымын қараған.
2013 жылы арбитраж соты Қазақстан Статилерге 500 миллион доллар мен сотқа кеткен шығынды өтеп беруі керек деген шешім шығарды. Бірақ Қазақстан үкіметі мұны орындаудан бас тартып, инвестиция тарту үшін қабылдаған энергетикалық хартия туралы келісімнің принципін бұзды.
Статилер Қазақстанмен бірнеше юрисдикцияда соттасып, 2017 жылы АҚШ-тағы банк Ұлттық қордың 22,6 миллиард доллар активін бұғаттаған. Былтыр маусымда Швециядағы апелляциялық сот Қазақстанды Статилерге 75 миллион доллар төлеуге мен сотқа кеткен 1,5 миллион доллар шығынды өтеуге міндеттеді.
Argentem Creek Partners арбиртаждан түскен қаржының 70 пайызын алуға тиіс болған, бұл сома 530 миллион долларға жеткен.
2024 жылы шілдеде Қазақстан үкіметі Анатол және Габриэль Статилермен 14 жылға созылған дауды шешкенін хабарлады.
Билікке Тоқаев келгелі бері Қазақстан Статимен соттарда бірнеше рет жеңіске жетті. Статимен сот дауындағы басты тұлғалардың бірі – әділет министрлігін 2016 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарған Марат Бекетаев.
Қанды Қаңтар оқиғасынан соң қызметінен алынған ол бір жылдай премьер-министрдің кеңесшісі болды. Кейін Бекетаев Bolashak Consulting Group компаниясымен "қызмет көрсетуге келісімшарт жасау арқылы пайда көріп, мемлекетке шығын келтірді" деген күдікке ілінді. Дереккөздердің айтуынша, компания Статидің ісі бойынша да кеңес берген. Былтыр қазанда бас прокуратура Бекетаев Қазақстаннан қашып кетпек болғанда ұсталғанын хабарлады. Қазір ол жемқорлық ісі бойынша өтетін сотты күтіп отыр.