Бектенов: Уақытты ауыстыру Нобель лауреаттарының ғылыми шешімі негізінде қабылданды
Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде премьер-министр Олжас Бектенов сағатты ауыстыру мәселесіне тоқталып, бұрынғы уақыт белдеуі табиғи ритмге сәйкес келмегенін атап өтті. Оның сөзінше, уақытты ауыстыру туралы шешім "Қазақстан ғана емес, шетелде жүргізілген терең ғылыми зерттеулерге негізделген".
"2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадты ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығына ие болды. Ғалымдар сол зерттеуде адам өзінің табиғи уақытында өмір сүрсе, өте пайдалы екенін дәлелдеген" деді премьер.
Оның айтуынша, табиғи ритмге сәйкестендірілмеген уақытта өмір сүру жүрек-қантамыр, диабет сияқты ауруларды жиілетеді. "Сондықтан қазір озық елдер табиғи уақыт белдеуіне ауысуға талпынып жатыр" деді ол.
Бектеновтің сөзінше, бұрынғы UTC+6 белдеуі қазақстандықтар үшін табиғи уақыт белдеуі болмаған.
"Табиғи уақыт белдеуіне ауысу бәзбіреулерге ыңғайсыз болуы мүмкін. Адам ағзасы оған біртіндеп бейімделеді. Егер аймақтарда қандай да бір ыңғайсыздықтар туындаса, онда инфрақұрылым, жарықтандырумен жұмыс істеу керек, ыңғайлы кесте ұйымдастыру керек, бұған еңбек заңнамасы рұқсат береді. Бұл мәселелерді әрі қарай шеше береміз" деді Бектенов.
Биыл 1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшті. Үкімет осылайша "өңірлер арасындағы уақыт кедергісі жойылып, бизнес пен мемлекеттік мекемелер жұмысы жақсарады, көлік қатынасын үйлестіру оңайлатылады және елдің көп бөлігі табиғи уақыт белдеуіне жақындайды" деді.
Алайда шешімге бұрын UTC+6 белдеуімен өмір сүріп келген өңірлерде тұратын жұрт наразы болды. Әсіресе жерінің көп бөлігі UTC+6 белдеуінде орналасқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жиі қарсылық білдіріп келеді. Олардың айтуынша, жаңа уақыт белдеуі қабылданғалы таң ерте атып, қараңғы ерте түседі, соның салдарынан ұйқы азайып, адам шаршап-шалдығады. Мал мен бау-бақшаны күтіп-баптауға да уақыт қолайсыздық туғызады. Наразылар бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды сұрап петиция жариялаған, бірақ сауда және интеграция министрлігі қабылдамады.
6 қыркүйекте мәжілістің бірнеше депутаты халыққа үндеу жасап, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы үкімет шешімін "асығыс қабылданды" деп сынға алған.