Министрлік "Қазақмыс" жұмысшыларының ереуілін "заңсыз" деп атап, ереуілшілерді жұмысқа оралуға шақырды
Министрлік “Қазақмыс” жұмысшыларының ереуілін “еңбек заңнамасына қайшы” деп атап, ереуілшілерді жұмысқа оралуға шақырды.
“17-18 желтоқсанда «Жезқазғантүстімет» өндіріс басқармасының бірнеше шахтасының жұмысшылары жалақыны өсіруді талап етіп, жұмысты тоқтатты. Олар еңбек заңнамасындағы талап қою және оны жұмыс берушінің қарастыру тәртібі жазылған ережелерді бұза отырып, жасаған” деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Ведомство ереуілшілердің өндірісті тоқтатуын “заңнамаға қайшы” екенін ескерткен.
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі бірнеше шахта кеншілері 18 желтоқсан таңертеңнен бастап ереуілдеп жатыр.
Жұмысшылар негізінен жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді.
“Біз өте қауіпті жерде жұмыс істейміз. 12 сағатқа жер астына түскенде кері шықпауымыз да мүмкін. "Қазақмыс" игеріп жатқан мемлекет байлығының қалай, қайда кетіп жатқанын да білгіміз келеді", – деген еді ереуілшілердің бірі Азаттыққа.
Осыған дейін компания “жалақыны өсіру компания шахталарының табысына қауіп төндіруі мүмкін” деп айтқан еді.
Bes.media сайтының жазуынша, "Қазақмыс" басшылығы жұмысшылардың 13-жалақысына айлықтарының 30 пайызын қосуға келіскен. Бұған қоса, жалақыға индексация жасайтынын да айтқан. Келіссөз әлі жалғасып жатқаны хабарланды.