World News in Kazakh

Қазақстанда қанша шетелдік ЖСН алды?

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда қанша шетелдік жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғаны туралы мәліметтер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комитет бұл деректерді "Ақ жол" партиясының депутаттық сауалына жауап ретінде ұсынды.

"2024 жылы шетел азаматтарына 435 408 ЖСН берілді (оның ішінде: Ресей – 233 013, Өзбекстан – 121 719, Қытай – 25 654, Тәжікстан – 13 846, Қырғызстан – 9308). 2023 жылы 376 966 ЖСН берілген (оның ішінде: Ресей – 181 271, Өзбекстан – 114 153, Қытай – 15 795, Қырғызстан – 14 322, Тәжікстан – 14 175).
ЖСН Қазақстан аумағына кіруге және онда болуға құқық бермейтіндіктен, ЖСН алған шетелдіктердің елге келген немесе кеткені туралы статистика жүргізілмейді, сондықтан бұл сұрақ бойынша ақпарат беру мүмкін емес", – делінген ҚР ІІМ Комитетінің жауабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net