"Полиция атқан оқ мәйіттен табылды". Шымкенттегі Қаңтар қырғынының жазылмаған жарасы
2022 жылғы 5 қаңтарда Шымкент қаласы әкімдігі алдында атылған оқтан 20 адам қаза тапты. Билік іс қозғап, марқұмдар "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен күдікке ілінді. Кейін "айып дәлелденбегеніне" байланысты іс қысқарып, олар "кездейсоқ қайтыс болған адамдар" тізіміне қосылды. Қаңтар оқиғасына үш жыл толғанда Азаттық бірнеше марқұмның туысымен тағы да сөйлесті. Олар оқ атқандар мен оларға бұйрық бергендер жазаға тартылуы керек деп біледі.