"Терроризмді насихаттағаны" үшін екі адам сотталды
Қазақстанның екі азаматы терроризмді насихаттағаны үшін бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталғандардың бірі – Тараз тұрғыны. Ол «шетелде террористер жағында соғысқа қатысуға шақырып, айналасына үгіт-насихат жүргізген және өзі де солардың қатарына қосылуға ниеттенген».
Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттады (Қылмыстық кодекстің 256-бабы), діни алауыздықты қоздырды (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) деп танылып, жеті жылға бостандығынан айырылды.
Екінші адам – Алматы тұрғыны. Іс материалдарына сәйкес, бұрын бірнеше рет сотталған ол адам Интернетте радикал идеологияны насихаттаған.
Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (Қылмыстық кодекстің 256-бабы), есірткі затты заңсыз сақтағаны (Қылмыстық кодекстің 296-бабы) үшін 7 жыл 1 айға бостандығынан айырылды.
Сотталғандар кінәсін мойындады ма, жоқ па, ресми хабарламада бұл жайлы айтылмайды.
2024 жылы Қазақстанда террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған.
Қазақстанда терроризмді насихаттады деп күдікке ілініп, сотталғандар туралы жиі айтылады. Бірақ сотталғандардың аты-жөні, істердің жай-жапсары жарияланбайды.
Былтыр шілдеде Қазақстанның арнайы қызметі «террористік сипаттағы қылмысы үшін» елдің үш азаматы сотталғанын мәлімдеген. Ал мамырда Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "терроризмді насихаттады" деген айыппен 42 жастағы Сайдумар Ибрагимовты 7 жылға бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сотталушы TikTok желісін қолданып, Қазақстанда террористік ұйым деп танылған "Ислам мемлекеті" тобын насихаттаған, "жиһадқа шақырған" видеолар бөліскен деп танылды. Ибрагимов өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады.
Шілдеде ҰҚК Астана, Шымкент қалаларында және Атырау, Жамбыл облыстарында "радикалдардың жолы кесілгенін" хабарлаған.
Маусым айында Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты дәл осындай айып тағылған астана тұрғынына қосымша алты жыл түрме жазасын кесті. Бұдан бұрын ақпанда ол адам «билікті күшпен басып алуға үндеу; топ болып террористік ұйым құрып, оны басқару, террорлық әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдар жинау, терроризмді насихаттау және қаржыландыру» айыбымен 20 жылға бостандығынан айырылған еді.