Министрлік: Қазақстанда 30 адамнан метапневмовирус анықталды
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қазанынан бері 30 адамнан метапневмовирус анықталды деп хабарлады 5 қаңтарда денсаулық сақтау министрлігі. Ведомствоның айтуынша, бұл әлемнің көптеген елінде "ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі".
"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында (1 қазанынан бері – мин.) республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген. Оның ішінде оң 1866 (22%), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%)" деп жазылған министрлік хабарламасында.
Ведомствоның айтуынша, метапневмовирус негізінен ауа арқылы тарайды. Аурудың негізгі белгілері – жөтел, тұмау, ентігу, дене қызуы, бас ауруы.
Жедел респираторлық вирустық инфекция (ОРВИ) мен тұмаудың маусымға сай өршіп жатқанын алға тартқан министрліктің мәліметінше, 1 қазаннан бастап елде 2 миллионнан астам адам жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан.
Кейінгі күндері кейбір басылымдар Қытайда "метапневмовирусы өршігені" жөнінде жазған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі әзірге реакция білдірген жоқ.