World News in Kazakh

Қазақстанда қатты аязда қалған ондаған тәжік мигранты құтқарылды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері қатты аяздан тоңып-жаураған шетелдік мигранттарды үсіктен аман алып қалған.

ТЖМ мәліметінше, күннің бұзылуына байланысты Көкшетау қаласында тоқтатылған қалааралық автобустың ішінде Тәжікстанның 81 азамат болған, арасында 17 бала бар.

"ТЖМ қызметкерлері полициямен бірлесіп адамдарды эвакуациялап, бейімдеу орталығына және қаладағы қонақүйге орналастырды. Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді. Эвакуацияланғандар жедел әрекет пен қолдау көрсеткені үшін құтқарушыларға алғыс айтты", – делінген ресми хабарламада. Бұл нақты қашан болған оқиға екені айтылмаған.

Тәжікстан азаматтары нақты қайда, қандай мақсатпен бара жатқаны да белгісіз, олар туралы әзірге толымды ақпарат жоқ.

Ұшақ билеті қымбат болғандықтан әдетте тәжік азаматтары автокөлікпен Ресейге барғанда немесе ол жақтан еліне қайтқанда Қазақстан аумағы арқылы өтеді.

Осындай сапар барысында тәжік азаматтары кейде жол-көлік апатына ұшырап, адам шығыны да болады.

Читайте на сайте