Алты жыл ма, әлде бес жыл ма? Қырғызстанда Жапаровтың президенттік мерзімі жөнінде дау туды
Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың өкілет мерзімі жайлы кірталас қызды. Оған Жапаров билікке келгеннен кейін Конституцияның өзгергені себеп болды. Саясаткерлер мен заңгерлер президенттің алғашқы мерзімі аяқталды ма, әлде тағы бір жылға созыла ма және Жапаров келесі сайлауға түсе ала ма деген мәселеде ортақ пікірге келе алмай отыр.