World News in Kazakh

Михаил Шайдоров – олимпиада чемпионы

Миландағы қысқы олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров чемпион атанды. Қазақстан спортшысы қос бағдарламада 291.58 ұпай жинады. Жеке рекорды.

Бұл - Қазақстанның қысқы олимпиадада ұзақ күткен алтыны.

Басты қарсыластары Илья Малинин (АҚШ), Юма Кагияма (Жапония) негізгі бағдарламаларын таза орындай алмады.

Шайдоров былтыр әлем чемпионатында күміс, Төрт құрлық чемпионатында алтын алған еді. Енді жүлделерінің санатына олимпиада алтынын қосты.
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан қазақстандықтар арасында тек Денис Тен жеңімпаз болған. Ол Сочиде 2014 жылы өткен олимпиадада қола жүлдеген болған.
Миландағы қысқы олимпиадада мәнерлеп сырғанауға одан бөлек Қазақстаннан Софья Самоделкина қатысып жатыр.
Жаңа олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2004 жылы Алматыда туған. Ол әкесі - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Станислав Шайдоровтың баулуымен бала күнінде спортқа келген.
2018 жылдан бері оны ресейлік маман Алексей Урманов (мәнерлеп сырғанаудан 1994 жылғы олимпиада чемпионы) жаттықтырады. Михаил былтыр Бостонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатына күміс медаль иеленген – 287,47 ұпай (қысқа бағдарлама 94,77 + негізгі бағдарлама 192,70).

Читайте на сайте