World News in Kazakh

Оманнан тағы 314 қазақстандық оралды

4 наурызда 314 қазақстандық мінген рейс Маскаттан (Оман) Алматыға келді.
Қазақстан СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев 4 наурыз күнгі брифинг кезінде осы бағыт бойынша тағы екінші топтың ұшуы жоспарланғанын айтты. Онда 230 қазақстандық болмақ.
Оның сөзінше, бұдан бөлек бүгін Жидда – Атырау және Жидда – Ақтау бағыты бойынша 326 қазақстандық елге жеткізілмек.
Ведомство мәліметінше, бұған дейін 15 қазақстандық Иран – Түркіменстан шекарасы арқылы өткен, оларға Ақтауға баруына көмек көрсетілмек.

Министрліктің айтуынша, Таяу Шығыс елдерінен қазірге дейін 4 күнгі Маскаттан келген рейстегі жолаушыларды есептегенде 1260 қазақстандық әкелінген.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде Иранда 47 қазақстандық, Израильде – 163, Катарда 3 мыңнан астам, БАӘ-де 4 мыңнан астам, Сауд Арабиясында шамамен 1,8 мың қазақстандық қалған.

Читайте на сайте