World News in Kazakh

Әзербайжанның Нахчыван әуежайына ирандық дрондар соққы жасады

5 наурызда шахед дрондары Әзербайжанның Нахчыван қаласының әуежайына соққы жасады. Бұл жөнінде Әзербайжанға қарасты автономды республиканың тұрғындарына сүйенген Азаттықтың Әзербайжан қызметі хабарлады. Ізінше ақпаратты Әзербайжан сыртқы істер министрлігі растады.
Әзербайжан СІМ-нің хабарлауынша, дрондардың бірі Нахчыван әуежайы терминалындағы ғимаратқа соғылған. Екіншісі Шекарабад ауылындағы мектеп маңына құлаған. Шабуылдың салдарынан екі бейбіт тұрғын зардап шеккен, әуежай ғимараты бүлінді деді ведомство өкілдері. Баку оқиғаға Иранды айыптады.
“Әзербайжанның қарымта жасауға құқығы бар, ал Иранның Әзербайжан елшісіне қарсылық нотасын тапсыру үшін сыртқы істер министрлігіне шақырылды” деп жазылған СІМ хабарламасында.
Нахчыван тұрғындарының Азаттыққа айтуынша, ата-аналарға балаларын дереу мектептен әкету қажеттігі айтылған.

“Полиция жұртқа топ-топ болып жиналуға рұқсат етпей жатыр. Үйге қайтып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып жатыр” деді тұрғындардың бірі.
Нахчыван әуежайы Иранмен шекарадан шамамен 10 шақырым жерде орналасқан.

Читайте на сайте