Ирандағы мектепке соққы. Қазірге дейін не белгілі?
Жақын күндері АҚШ конгресінде Иранның қыздар мектебіне жасалған зымыран шабуылына қатысты Пентагон басшыларының есебін тыңдайды. Азаттық радиосының дереккөзі осылай деп хабарлады. Кейінгі күндері Ирандағы қыздар мектебіне АҚШ зымыран атқан болуы мүмкін деген болжам күшейген.