World News in Kazakh

Қазақстанда жаңа Конституцияға қатысты референдум басталды

Қазақстанда жаңа Конституцияға қатысты референдум басталды. 15 наурызда таңертеңгі сағат 7-де елдегі 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.
ОСК дерегінше, елде 10,4 мыңнан астам учаске бар, 600-ден астамы – арнайы учаскелер. Бұлар медицина мекемелер, әскери бөлімдер, перзентхана және өзге орындарда орналасқан.

Қазақстан аумағынан тыс жүрген азаматтар 54 елдегі 71 учаскеде дауыс бермек.

ОСК дерегінше, Қазақстанда 12 миллионнан астам сайлаушы бар.
Азаматтарға "БАҚ-та 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ қойылады.Қазақстан заңы бойынша, сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өткен болып саналады.Қазақстанда бұған дейін де 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары Конституцияға өзгерістер енгізілген. Ал бұл жолы мүлде жаңа Конституция қабылдайын деп отыр.
ОСК дерегінше, Қазақстанда 12 миллионнан астам сайлаушы бар.

Читайте на сайте