Пәкістан Кабулды бомбалап, 400 адам қаза тапқаны хабарланды. Не болып жатыр?
Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қақтығыс ушығып тұр. 16 наурызда Исламабадтың кезекті әуе соққысынан Кабулдағы ауруханалардың бірінің тас-талқаны шығып, кемі 400 адам қаза тапқаны хабарланды. Пәкістан билігі мұны «жалған ақпарат» деп, жоққа шығарды.