World News in Kazakh

Сарапшы сапалы кофені қалай таңдау керегін түсіндірді

Ерігіш сапалы кофенің түсі ашық қоңыр болады, сонымен қатар, ол суда оның түйіршіктері болмауға тиіс. Бұл туралы РИА Новости басылымына кофе компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Сергей Митрофанов айтты, - деп хабарлайды Tengri Life.

"Ерігіш кофенің сапасын оны дайындамай тұрып-ақ анықтауға болады: оның түсі ашық қоңыр, карамель реңкті келеді. Қою түс оның дәмі ащы және хош иісі бәсең екенін білдіруі мүмкін. Сапалы кофе кез келген температурадағы суда толық еруге тиіс, сондықтан кесе түбінде тұнба немесе түйіршіктер қалса, бұл оның құрамында бөтен қоспалар барын көрсетуі ықтимал", - деді сарапшы.

Сондай-ақ, хош иісіне де назар аударған жөн. Сарапшының айтуынша, сусынның иісі табиғи болуы керек. Тым өткір жеміс немесе карамель ноталары ағаш немесе күйік дәмі бар тым кептіріліп жіберілген кофені бүркемелеу үшін қолданылатын қоспалардың барын аңғартуы мүмкін.
Маман дрип-пакеттегі (қағаз сүзгі-пакеттегі порциялық тартылған кофе, ол табиғи кофені ешқандай жабдықсыз тікелей кеседе демдеуге мүмкіндік береді - ред. ескертпесі) кофенің танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, мұндай сусынды демдеу нәтижесі оның дайындалу тәсіліне тікелей байланысты.

"Дрип-кофе үшін биіктігі 10 сантиметрден асатын ыдысты қолданған дұрыс, сонда сүзгі сусынға тимей тұрады. Егер пакет "жүзіп" жүрсе, кофе су өткізу арқылы емес, тұну арқылы демделеді де, дәмі аз қанық болады", - деп кеңес берді сарапшы.

Дрип-пакетті дайындау үшін арасына 45 секунд үзіліс салып үш рет су құйсаңыз жеткілікті. Оның айтуынша, мұндай әдіс дәмнің біркелкі шығуына көмектеседі.

"Егер суды бірден құйсаңыз, сусынның дәмі үйлесімсіз болып шығады, ал артық сұйықтық сүзгіден асып төгілуі мүмкін. Су көлемі жеткіліксіз болса, кофе әлсіз әрі сулы болады", - деп түсіндірді ол.

Читайте на сайте