World News in Kazakh

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: 11 мамырға арналған болжам

"Қазгидромет" еліміздің қалалары бойынша 11 мамыр, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі, солтүстікте – үсік жүріп, қатты жел соғады. Шығыста да жауын-шашын болады, ал батыста негізінен жылы ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалар бойынша ауа райы болжамы

Астана — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 8-10 градус жылы.

Алматы — бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секунд түсіне 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.

Шымкент — көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Түркістан — көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Қонаев — бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей уақытта екпіні секунд түсіне 18-23 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.

Талдықорған — бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секунд түсіне 14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.

Қызылорда — көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей уақытта екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Тараз — көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа қарай ауысады, жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Ақтау — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секунд түсіне 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Атырау — аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа қарай ауысады, жылдамдығы секунд түсіне 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.

Орал — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секунд түсіне 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.

Ақтөбе — аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секунд түсіне 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.

Қарағанды — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын жел түнде 4-9, күндіз 9-14 метр секунд жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 10-12 градус жылы.

Жезқазған — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секунд түсіне 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.

Қостанай — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секунд түсіне 9-14 метр. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 12-14 градус жылы.

Көкшетау — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 8-10 градус жылы.

Петропавл — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, екпіні 15-20 метр секунд, күндіз 15-20, екпіні 23-28 метр секунд. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 8-10 градус жылы.

Павлодар — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 9-11 градус жылы.

Семей — бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.

Өскемен — бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секунд түсіне 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 12-14 градус жылы.

Читайте на сайте