World News in Kazakh

Жаңбыр, үсік және 36 градус ыстық: 15 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 15 мамырда батыс және оңтүстік өңірлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, күндіз ауа температурасы 27-35 градус жылыға дейін көтерілетінін болжайды. Қалған аумақтарда салқын болады, түнгі уақытта еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 1-6 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы түнде секундқа 2-7, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсік, күндіз 21-23 градус жылы.

Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, күндіз 9-14 градус жылы.

Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 8-13, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 30-32 градус жылы.

Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік, күндіз 21-26, облыстың шығысында 17 градус жылы. Көкшетауда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы секундқа 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 21-23 градус жылы.

Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр, күндіз облыстың батысы мен шығысында екпіні 17-22, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, күндіз 19-24, облыстың таулы аудандарында 9-14 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр, күндіз екпіні 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 градус жылы.

Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр, облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың оңтүстік-шығысында 11 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік, күндіз 15-20, облыстың таулы аудандарында 12 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 7-12, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 17-19 градус жылы.

Түркістан облысы - жауын-шашынсыз, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 8-13 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 12, күндіз 28-33, облыстың таулы аудандарында 24 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 8-13, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 27-32 градус жылы. Орал - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 градус жылы.

Атырау облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады.

Атырау - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14, екпіні 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 31-33 градус жылы.

Маңғыстау облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында және орталығында шаңды дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр, облыстың солтүстік-шығысында және орталығында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың солтүстік-шығысында 21, күндіз 31-36, облыстың батысында 22-27 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, түнде кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы.

Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 7-12 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 24-29, облыстың оңтүстігінде 32 градус жылы. Ақтөбе - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундқа 2-7, күндіз 7-12, екпіні 15 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 градус жылы.

Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 21-26, облыстың оңтүстігінде 30 градус жылы. Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысы - күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-9 градус жылы, облыстың шығысында 1 градус үсік, күндіз 20-25 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундқа 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 23-25 градус жылы.

Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 4 градус үсік жүреді, күндіз 13-18 жылы. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 жылы, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз 14-16 жылы.

Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 10 жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді, күндіз 15-20, облыстың батысында 23 жылы. Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 жылы, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз 18-20 жылы.

Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың батысында 13, күндіз 21-26, облыстың батысында 29 жылы. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, таңертең және күндіз екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 24-26 жылы.

Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 5 жылы. Өскемен - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде 4-9, күндіз 7-12, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 13-15 жылы.

Абай облысы - түнде облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 жылы, облыстың батысында 2 градус үсік жүреді, күндіз 13-18, облыстың батысында 10 жылы. Семей - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы түнде 4-9, күндіз 7-12, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 13-15 жылы.

Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, облыстың шығысында 15-20, күндіз 15-20, облыстың шығысында, орталығында 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 30-35 жылы. Қызылорда - аздаған бұлттылық, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 жылы.

Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың таулы аудандарында 5, күндіз 22-27, облыстың таулы аудандарында 18 жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 жылы.

Читайте на сайте