Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Ол сәрсенбі, 20 мамырда өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Конституцияның 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде
Парламент қос палатасының бұған дейінгі бірлескен отырысы жұма, 15 мамырда өткен болатын. Сенат пен Мәжіліс депутаттары бірнеше конституциялық заң жобасын қарады.
Атап айтқанда, Халық кеңесі қалай жұмыс істейтіні белгілі болды.
Тағы оқыңыз: “Заңдар мен референдум ұсыну құқығы“. Қазақстанда Халық кеңесі құрылады