World News in Kazakh

“Реалдың“ аңызға айналған капитаны клубтан кететіні хабарланды

Мадридтік "Реалдың" испандық қорғаушысы әрі капитаны Дани Карвахальдің клубпен қоштасатыны хабарланды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Мадридтік "Реалдың" баспасөз қызметі танымал испандық қорғаушы Дани Карвахальдың команда сапындағы жолын аяқтайтыны туралы ақпарат жариялады.
Карвахаль қоштасу матчын 24 мамырға қараған түні Ла Лига аясында Бильбаоның "Атлетигіне" қарсы өткізеді.
Клуб ойыншыға бірге өткізген жылдары, командаға адалдығы және ойынға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Real Madrid C.F. (@realmadrid) жарияланымы


Дани Карвахаль – "Реалдың" аңызы
Дани Карвахаль – соңғы онжылдықтағы мадридтік "Реалдың" ең маңызды әрі адал ойыншыларының бірі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Real Madrid C.F. (@realmadrid) жарияланымы


Мадридтік клуб академиясының түлегі бола тұра, ол леверкузендік "Байерде" бір маусым өткізу үшін "Реал" сапынан кеткен болатын.

Dani Carvajal (20) (€5M) - Real Madrid to Bayer Leverkusen (2012) pic.twitter.com/C7UR9J6o2e— Transfersthathappened (@actualtransfers) 2025 жылғы 29 шілде2013 жылы клубқа оралғаннан кейін ол оң қанаттағы қорғаушы позициясына тез бейімделіп, команданың негізгі бөлігіне айналды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Daniel Carvajal (@dani.carvajal.2) жарияланымы


Осы уақыт ішінде Карвахаль Чемпиондар лигасының 6 кубогын (2013/14, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2021/22, 2023/24) жеңіп алды, 4 рет Испания чемпионы атанды (2016/17, 2019/20, 2021/22, 2023/24) және "Реалмен" бірге басқа да көптеген жүлделерге қол жеткізді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Daniel Carvajal (@dani.carvajal.2) жарияланымы


Оның тұрақтылығы, қорғаныстағы сенімділігі, шабуылға қосылуы және көптеген жыл бойғы жоғары деңгейдегі ойыны оны өз буынының ең үздік оң қанат қорғаушыларының бірі ретінде ерекшелейді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Real Madrid C.F. (@realmadrid) жарияланымы


Бұған дейін аты аңызға айналған португалиялық бапкер Жозе Моуринью мадридтік "Реалмен" келісімшартқа отыру туралы келіскені белгілі болған.

Читайте на сайте