World News in Kazakh

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Кения президентін қарсы алды

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Еске салайық, 19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте