Щучинскідегі қонақүй саунасы өртенді: 20-дан астам адам эвакуацияланды
Түнде Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйдің бірінші қабатында орналасқан саунадан өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиғаның мән-жайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 50 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіріп, тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол бермеді.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 24 адам, оның ішінде екі бала өз бетінше эвакуацияланған.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Алматыда өрт сөндірушілер түнде дәмханада шыққан өртті сөндірді
Бұған дейін Астананың Алматы ауданында өрт шықты. Екі қабатты коттедж жалынға оранды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатыр. ТЖМ хабарлауынша, ғимараттың шатыры тұтанған. Құтқарушылар жеткенде нысан толықтай отқа оранған еді. Өртті сөндіру кезінде өртсөндірушілер құтқарып алды өртенген коттедждегі баланы.
Тағы оқыңыз: Алматылықтар қала орталығынан түтін байқады: ТЖД себебін атады