Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегінде жанжал шықты
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Братиславада (Словакия) өткен Oktagon 89 турнирінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Турнирдің басты кездесуінде аса жеңіл салмақтағы чемпион Жұмағұлов жеңіл салмақ дәрежесіндегі титул иегері, бразилиялық Игор Севериномен (10-1) кездесті.
Бәсеке бес раундқа жоспарланған болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші раундта Северино белден төмен тыйым салынған соққы жасап, соның салдарынан Жұмағұлов айқасты жалғастыра алмады. Қалпына келуге берілген бес минут аяқталған соң, төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, оны өтпеді деп жариялау туралы шешім қабылдады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
OKTAGON (@oktagonmma) жарияланымы
Нәтижесінде Северино чемпиондық белбеуін сақтап қалды, ал Жұмағұлов OKTAGON тарихына ұйымның қос чемпионы ретінде ену мүмкіндігінен айырылды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
OKTAGON (@oktagonmma) жарияланымы
Жалғас Жұмағұлов — еуропалық лиганың тұңғыш қазақстандық чемпионы
Бұрынғы UFC файтері бұған дейін Oktagon лигасында үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен болатын. Жалғастың титулын алғаш рет қорғаған кейінгі айқасы мерзімінен бұрын аяқталды, себебі чехиялық Давид Дворак үш раундтан кейін жекпе-жекті жалғастыра алмады.
OKTAGON лигасы - әлемдегі ең үздік 10 лиганың қатарына кіретін Еуропадағы ірі ММА промоушені. Ол 2016 жылы Oktagon Challenge реалити-шоуының бөлігі ретінде негізі қаланған. Лига турнирлерінің басым бөлігі Чехия мен Словакияда өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
«FNG»|«OKTAGON» 2 белбеуінің иегері (@zhumagulov_zhalgas) жарияланымы
Бұған дейін Қазақстанның ең танымал ММА спортшыларының бірі Қуат Хамитовтың RAF промоушенінде UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған Арман Царукянмен күрестен белдесетіні белгілі болған еді.