Тәжірибеден өтіп жүрген студенттерге 60 мың теңге көлемінде жалақы берілуде - Е. Иманғалиев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге 60 мың теңге көлемінде жалақы берілуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде техникалық және кәсіптік білім беру тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.