Атырау қалалық қорғаныс ісі басқармасы бастығының орынбасары ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қалалық қорғаныс ісі басқармасы бастығының орынбасары М.Орынбеков пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметінен хабарлады.