World News in Kazakh

Күн күркіреп, жаңбыр жауып, аптап болады: Қазақстан бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Елдің солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай және Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 градус жылы.

Алматы - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 25-27 градус жылы. Іле Алатауы тауларында: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 15-20 градус жылы.

Шымкент - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 градус жылы.

Ақмола облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 23-28, облыстың батысында, солтүстігінде 19 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы.

Алматы облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі және таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз тау бөктеріндегі және таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 5-10 жылы, күндіз 25-30, облыстың солтүстігінде 33, таулы аудандарда 15-20 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 градус жылы.

Жетісу облысы - түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 25, таулы аудандарда 10 жылы, күндіз 26-31, таулы аудандарда 21 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.

Түркістан облысы - таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 12, күндіз 30-35, таулы аудандарда 25 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 33-35 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-30, облыстың батысында, оңтүстігінде 33 градус жылы. Орал - көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы.

Атырау облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Ауа температурасы түнде 16-21, күндіз 29-34 градус жылы. Атырау - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 4-9 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 32-34 градус жылы.

Маңғыстау облысы - түнде облыстың солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде облыстың солтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстік-шығысында 15, күндіз 30-35, облыстың батысында 27 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 27-29 градус жылы.

Ақтөбе облысы - түнде облыстың солтүстік-батысында, орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с болады. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 30 градус жылы. Ақтөбе - көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 градус жылы.

Қостанай облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 градус жылы. Қостанай - бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 22-24 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғып, бұршақ жауады; күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші түнде 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метр, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундсына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 11-16, күндіз 22-27, облыстың батысында, оңтүстігінде 19 градус жылы. Петропавл - бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз дауыл соғып, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-batystan соғады, күші түнде 9-14, күндіз секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.

Павлодар облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 27-32 градус жылы. Павлодар - өзгермелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 9-14, екпіні секундсына 18 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.

Қарағанды облысы - түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 20 градус жылы, күндіз 25-30 градус жылы. Қарағанды - өзгермелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 7-12, күндіз екпіні секундсына 15 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 26-28 градус жылы.

Ұлытау облысы - күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундсына 18 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 25-30 градус жылы. Жезқазған - өзгермелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 22 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады, облыстың шығысында 25 градус жылы. Өскемен - өзгермелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 31-33 градус жылы.

Абай облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады. Семей - өзгермелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 градус жылы.

Қызылорда облысы - күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел батыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-21, күндіз 30-35, облыстың солтүстігінде 27 градус жылы. Қызылорда - өзгермелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Жел батыстан соғады, күші 7-12, күндіз екпіні секундсына 15 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы.

Жамбыл облысы - облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, облыстың таулы аудандарында секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың таулы аудандарында 12, күндіз 30-35, облыстың таулы аудандарында 25 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундсына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.

Читайте на сайте