Астанада мешіттегі ұрлық видеоға түсіп қалды
Астанада мешітке келушінің ұялы телефоны ұрланды. Ұрлық сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видео
Астана Полиция департаментінің мәліметінше, қаскөй мешітте болып, сонда қонуды жоспарлаған. Келушілердің бірі намаз оқып жатқанда, күдікті еденде қалған ерлер сөмкесінен (борсетка) iPhone 13 телефонын ұрлап кеткен.Ұрлық жасағаннан кейін ол ізін суытқан.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) жариялаған жазба
"Ер адам ұсталды"
Дегенмен оның әрекеті мешітте орнатылған бейнебақылау камерасына егжей-тегжейлі түсіп қалған. Бейнежазбаның арқасында полицейлер 36 жастағы ер адамның кім екенін анықтап, кейін оны ұстады.
"Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды", - деп хабарлады полиция.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Алматыда ер адам ұсталды, ол мешітке келушілердің жеке заттарын жүйелі түрде ұрлады деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті ұялы телефондарды, әмияндарды және басқа да құнды заттарды білдіртпей жымқырып келген.