World News in Kazakh

АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық жоғалып кетті

АҚШ-та екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Данияр Мейірхан Threads әлеуметтік желісінде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрады. Ол кейінгі рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.

"10 маусымда полиция оның Toyota Camry (DP 86722) автокөлігін тапты, алайда Әсеттің қайда екені әлі белгісіз. Егер кімде-кім оны көрсе немесе қандай да бір ақпарат білсе, жеке хабарлама арқылы хабарлауды немесе отбасымен байланысуды сұраймыз. Мейлінше көп репост жасауды өтінемін", - делінген хабарламада.


Қазақстан СІМ бұл оқиғаға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Читайте на сайте