World News in Kazakh

Винисиустың голы 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы Бразилия - Марокко матчінің тағдырын шешті

13-нен 14 маусымға қараған түні Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының С тобындағы бірінші тур матчінде Марокко командасымен кездесті, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Командалар арасындағы кездесу АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы "Метлайф" стадионында өтті. Айта кетейік, бразилиялықтар 24 жыл бойы жеңіске жете алмаған бұл турнирдің басты бес фаворит-құрамасының қатарына кіреді.
Ал марокколықтар алдыңғы мундиальда төртінші орын иеленіп, басты "тосын сый" жасаған команда атанған болатын.
Командалар құрамы
Бразилия: Алиссон (Қ), Ибаньес, Маркиньос, Габриэл, Дуглас Сантос, Каземиро, Бруно Гимараеш, Лукас Пакета, Рафинья, Винисиус Жуниор, Игор Тиаго.
Марокко: Буну (Қ), Хакими, Диоп, Риад, Мазрауи, Буадди, Эль-Айнауи, Оунахи, Диас, Эль-Ханнус, Сайбари.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы


Матч барысы
Матчтегі есепті 21-минутта Марокко құрамасы ашты. Исмаэль Сайбари командаласынан пас алып, қарсы шабуылға шықты. Допқа Бразилия қақпашысы Алиссон ұмтылғанымен, марокколық ойыншы одан допты асыра теуіп, сәтті гол соқты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Équipe du Maroc (@equipedumaroc) жарияланымы


Алайда бразилиялықтар 32-минутта есепті теңестірді, құраманың басты жұлдыздарының бірі - Винисиус Жуниор көзге түсті. Вингер қарсыластың айып алаңында допты қабылдап, ортаға қарай ойысты да, соққысымен допты қақпаның алыс бұрышына дәл бағыттады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы


Екінші таймда командалар допқа тең дәрежеде иелік етті, қақпаға бар болғаны 4 соққы бағытталды - Бразилияда 3, Мароккода 1 соққы. Дегенмен бразилиялықтар мен марокколықтарда айқын гол соғатын сәттер болған жоқ.
Матчтің қорытынды есебі - 1:1.
Еске салайық, биыл турнирге алғаш рет 48 команда қатысып жатыр. Олар 12 топқа бөлінген және ойындар үш елде: АҚШ, Мексика мен Канадада өтеді.

Читайте на сайте