World News in Kazakh

Маман белдегі артық майды азайтуға пайдалы 5 өнімді атады

Іштің үлкеюі тек артық салмаққа байланысты бола бермейді. Кейде оған іштің кебуі де себеп болады. Мұндай жағдай дұрыс тамақтанатын адамдарда да кездесуі мүмкін. Диетолог Регина Ахуньянова ас қорытуды жақсартып, іштің кебуін азайтуға көмектесетін 5 өнімді атады, деп хабарлайды Tengri Life "Доктор Питер" басылымына сілтеме жасап.
Іштің кебуі — өмірді едәуір қиындататын мәселе. Маманның айтуынша, бұл жағдайдың себептері көп және олардың бәрі бірдей айқын емес.

Іштің үлкеюіне әсер ететін факторлар:

артық газ түзілуі;
ішек моторикасының бұзылуы;
шырышты қабықтың қабынуы;
микробиотаның ерекшеліктері (адам ағзасында өмір сүретін барлық микроорганизмдер жиынтығы).

Мәселені шешу үшін диетолог рационға мына өнімдерді қосуға кеңес береді:.
1. Зімбір
Ол асқазан мен ішектің моторикасын жақсартуға көмектеседі. Соның нәтижесінде тағам ас қорыту жолдары арқылы тезірек қозғалады, ал ашу процесіне әлдеқайда аз уақыт кетеді.
Дәрігер зімбірді шайға, жылы суға және дайын тағамдарға қосуды ұсынады.
2. Зардоба (куркума)
Куркуманың белсенді заты ішектегі қабыну процестерін азайтуға және шырышты қабықтың саулығын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, куркума зат алмасуды жеделдетіп, тіндердің инсулинге сезімталдығын арттырады, бұл калориялардың белсенді жұмсалуына және майдың ыдырауына әкеледі.
Регина Ахуньянова куркуманы сорпаларға, көкөніс тағамдарына, жармаларға қосуды немесе оның негізінде сусындар дайындауды ұсынады.
3. Ашытылған қырыққабат
Ашытылған қырыққабат — дәрумендер, пайдалы заттар мен минералдардың мөлшері бойынша рекордсмен. Ол иммунитетті нығайтады, онкологиялық аурулардың қаупін азайтады, жүрек жұмысына көмектеседі және жастықты сақтайды.
Сонымен қатар, бұл өнім ас қорыту жолдары үшін өте пайдалы. Қырыққабат ішектегі бактерияларды "қоректендіруге" көмектеседі, ал сау микробиота ас қорытудың жайлылығымен тікелей байланысты, сондықтан сіз көп ұзамай іш кебуі мәселесін ұмытасыз.
4. Кимчи
Кимчи — ферменттелген пекин қырыққабатынан жасалған танымал азиялық жеңіл тағам. Бұл өнімде Weissella koreensis бактериясы бар, ол ас қорыту жолдарына көмектесіп қана қоймай, микробқа қарсы компоненттер бөліп, ауру тудыратын агенттерді, атап айтқанда алтын түстес стафилококк пен сальмонелланы жоя алады.
Дегенмен, кимчиді тұтынуды аз мөлшерден — ағзаның бейімделуіне уақыт беру үшін күніне 1-2 ас қасықтан бастау керек.
5. Ферменттелген көкөністер
Гарнирге аздап ферменттелген көкөністер қосып көріңіз. Бұл сәбіз, қызылша, кәді, қызанақ, редис немесе патиссон болуы мүмкін. Ферменттелген көкөністердің құрамындағы пробиотиктер ішектің сау микробиотасын қалпына келтіруге және сақтауға көмектеседі, бұл адамның көңіл-күйіне де, жалпы жағдайына да айтарлықтай әсер етеді.
Мұндай өнімдердегі органикалық қышқылдар мен ферменттер тағамның тезірек қорытылуына ықпал етіп, іштің кебуі мен жайсыздықты азайтады.

Читайте на сайте