World News in Kazakh

Ямаль мен Холанд 2026 жылғы Әлем чемпионатынан кейін әлемдік рекордты жаңартты

Беделді Transfermarkt порталы футболдан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін футболшылардың құнын жаңартты. Ең қымбат ойыншылар рейтингінің бірінші сатысын енді испандық вингер Ламин Ямаль мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд бөлісіп тұр, деп хабарлайды Tengri Sport.
Екі ойыншының да бағасы портал тарихындағы жаңа рекордқа айналды. Олар 220 миллион еуроға бағаланып отыр.
Бұған дейін рекорд тек Ямальға тиесілі болатын - вингер әлем чемпионаты қарсаңында 200 миллионға бағаланған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Ямаль тарихтағы ең жас әлем чемпиондарының бірі атанды - оның 19 жасқа толуы финалға бір апта қалғанда атап өтілді. Тіпті оның небәрі бір гол соққаны да рейтинг жасаушыларды еш іркілткен жоқ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@lamineyamal парақшасынан жарияланым


Холандқа келетін болсақ, норвегиялық үшін бұл турнир үлкен серпіліс болды - ол 7 гол соқты, ал Норвегия құрамасы өздерінің дебюттік мундиалінде 1/4 финалға дейін жетті. Бұдан бөлек, турнир барысында оның әлеуметтік желілеріне 30 миллионнан астам адам жазылды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Erling Braut Haaland (@erling) жариялаған жазба


ӘЧ-2026-дан кейін тағы кімдердің бағасы өсті?
Мундиал жеңімпазы Испания құрамасы болғанына қарамастан, құны ең көп өскен ойыншы басқа командадан шықты. Ағылшын Элиот Андерсеннің бағасына 34 миллион еуро қосылып, қазір ол 110 миллионға бағаланып отыр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Elliot Anderson-ның (@elliotandersonn) жарияланымы


Ағылшын командасының тағы бір көшбасшысы - Джуд Беллингем 30 миллионға қымбаттады, ал ӘЧ-2026-ның үздік сұрмергені атанған Килиан Мбаппеге 20 миллион еуро қосылды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kylian Mbappé (@k.mbappe) жариялаған жазба


Сенсация жасаған қақпашы 10 есе қымбаттады
Пайыздық арақатынаста ең айтарлықтай өсім Кабо-Верде құрамасының голкипері әрі дәл қазіргі әлемдегі ең танымал қақпашыда тіркелді. Порталдың бағалауынша, Возинья енді 500 мың еуро тұрады, бұл оның 40 жасындағы көрсеткіші!

"40 жаста нарықтық құнның өсуі - бұл қалыпты жағдайдан тыс ерекше құбылыс. Бірақ бұл оның жаңа мәртебесіне байланысты. Возинья кейіннен әлем чемпионы атанған Испания құрамасына қарсы керемет ойын көрсетті, соның арқасында оның оқырмандар саны 29 миллионға дейін өсті. Нәтижесінде оның маркетингтік әлеуеті оны кейбір клубтар үшін құнды етеді", - деді түсіндірді Transfermarkt-тың нарықтық құн жөніндегі үйлестірушісі Тобиас Крёгер.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Josimar Dias жарияланымы (@vozinha1)


Ойыншыларды шынымен Transfermarkt бағасымен сатып ала ма?
Иә, тіпті жиі жағдайда қымбатырақ бағаға алады. Мысалы, футбол тарихындағы ең қымбат трансфер рекорды әлі күнге дейін "Пари Сен-Жерменге" тиесілі, олар 2017 жылы Неймарды "Барселонадан" сатып алу үшін 222 миллион еуро жұмсаған. Бұл ретте, порталдың бағалауы бойынша, оның құны ешқашан 180 миллионнан асқан емес.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Neymar Jr жарияланымы (@neymarjr)


Тағы бір жаңа мысал - БАҚ мәліметінше, Морган Роджерс "Астон Вилладан" "Челсиге" 138 миллион еуроға ауысты, тек трансферден кейін ғана оның құны 110 миллионға жетті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы


Қазақстанның ең қымбат футболшысы қанша тұрады?
Естеріңізге сала кетейік, портал қазақстандықтарды да бағалайды. Қазіргі уақытта еліміздің ең қымбат ойыншысы - 17 жастағы Дастан Сәтпаев, "Челси" вингерінің бағасы 3,5 миллион еуроны құрайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы

Читайте на сайте