World News in Kazakh

Рыбакина суперкамбэк жасады: Соболенкоға жетуге қанша ұпай қалды?

Қазақстанның екінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтинг көшбасшысы Арина Соболенкомен бәсекені жалғастырып жатыр. Канададағы "Мастерс" турнирінің 1/8 финалындағы шешуші сет барысында отандасымыз 0:3 есебімен ұтылып жатқан болатын, деп хабарлайды Tengri Sport.
Торонтодағы беделді доданың 1/8 финалында Қазақстанның үздік теннисшісі ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.
Алғашқы сеттегі сенімді жеңістен кейін, екінші кезеңде ресейлік спортшы басым түсті. Ал үшінші сетте Самсонова қатарынан екі брейк жасап, 3:0 есебімен алға шықты.
Рыбакинаның ойынға қайта оралып қана қоймай, алға шығуға, соңында матчті жеңіспен аяқтауға қауқары жетті - 6:4; 4:6; 6:4.
Осылайша, қазақстандық теннисші 1/4 финалға шығып, онда жапониялық Наоми Осакамен шеберлік байқасады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Elena Rybakina ???? (@lenarybakina) жариялаған жазба


Соболенко жеңілсе де, бірінші сатыдағы орнын сақтап қалды
Маусым қорытындысы бойынша әлемнің үздік теннисшісі атағына қазақстандықтың басты бәсекелесі, беларусьтік Арина Соболенко турнирдің басындағы екі сенімді жеңістен кейін қателікке бой алдырыды. 1/8 финалда планетаның бірінші ракеткасын ресейлік Екатерина Александрова ұтып кетті.
Бұл ретте Арина өткен жылғы Торонто турниріне қатыспаған еді, сондықтан оған ұпайларын қорғаудың қажеті болмады. Ал Рыбакина былтыр жартылай финалға дейін жеткендіктен, қазіргі көрсеткіші әлі де "минуста" тұр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Арина Соболенконың (@arynasabalenka) жарияланымы


Турнир қорытындысы бойынша Соболенкомен арадағы алшақтықты азайту үшін қазақстандық спортшы өткен жылмен салыстырғанда кем дегенде 120 ұпай артық жинауы керек, яғни финалға шығуы тиіс.
Сондай-ақ Рыбакина турнирді жеңіп алған күннің өзінде қарсыласынан оза алмайды. Алайда олардың арасындағы айырмашылық 4 ұпайға дейін қысқарады - бұл бәсеке басталғалы бергі ең аз көрсеткіш.

Читайте на сайте