World News in Kazakh

Әділ Сүбебаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Әділ Сүбебаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Фото:gov.kz

Айта кетейік, Қайрат Дәуітов 2024 жылғы қыркүйектен бастап Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымын атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте