World News in Kazakh

Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айтты

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

"Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!" - делінген жеделхатта.

Рахмоновтың әкесі дүниеден өткені туралы хабарлама 9 тамызда пайда болды - қазақстандық бірқатар БАҚ бейсенбіде Қарағандыда Алпамысов Бақтыбай Рахманұлының рухына бағыштап ас берілетінін хабарлады. Сондай-ақ қаралы хабар шетелдік басылымдарда жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте