World News in Kazakh

Алматыдағы Жандосов көшесінде қозғалыс шектеледі

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengri Auto.
Жандосов көшесіндегі қозғалыс сызбасы өзгереді: мерзімі11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі учаскеде реверсті қозғалыс енгізіледі.
Бұл учаскеде қозғалысты толығымен шектеу жоспарланбаған.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін екені нақтыланады.

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жылдамдық режимін сақтауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын орындауды сұрайды.
Жандосов көшесінде тағы қандай өзгеріс болады?
Бұған дейін Жандосов көшесі 21 шілде мен 1 тамыз аралығында Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта жөнделген болатын.
Еске сала кетейік, мамырда бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізу мәселесі қарастырылып жатқаны белгілі болған. Қозғалыс сызбасын "Тастақ" базары маңындағы мына көшелерде өзгерту жоспарланған:

Брусиловский;
Түркебаев;Қарасай батыр;Құлымбетов пен Прокофьев;Әуезов - Байзақов көшелері;
Жүков - Уәлиханов;
Радостовец.

Сондай-ақ біржақты қозғалыс Жандосов көшесі мен тағы бірнеше көшеге енгізілуі мүмкін.

"Біз алдымен өзгерістер таңбалау және уақытша қозғалыс сызбасы арқылы сынақтан өткізіліп, оң нәтиже берген жағдайда ауқымы кеңейтілетін жедел пилоттық шешімдерді белсенді енгізіп жатырмыз. Бұл жол жағдайын айтарлықтай шығынсыз, икемді әрі тиімді жақсартуға мүмкіндік береді", - деген еді бұған дейін қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.

Сондай-ақ ол қозғалысты ұйымдастырудың жаңа сызбасы көшелердің өткізу қабілетін 20–25 пайызға арттырып, апатты 35 пайызға төмендетуі және қаланың негізгі көлік тораптарына түсетін жүктемені азайтуы тиіс екенін айтты.
Тағы оқыңыз: Саин көшесінде 60 км/сағ: Алматы полициясы басқа көшелерде не өзгеретінін айтты

Читайте на сайте