World News in Kazakh

Дастан Сәтпаев ресми түрде жаңа командаға қосылды

Футболдан Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтпаев Ағылшын премьер-лигасында "Челси" сапында ойнау құқығына ие болды, деп хабарлайды Tengri Sport Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық футболшы 12 тамызда 18 жасқа толды - шетелдік ойыншылар дәл осы жастан бастап ағылшын клубтарында ресми түрде өнер көрсете алады.
Бұл өзгерістер бірден басты статистикалық порталдарда көрініс тапты - Transfermarkt, Flashscore және Sofascore ойыншыны "Қайрат" құрамынан алып тастап, "Челсиге" қосты.
Фото: TengriSport.kz коллажы
Айта кетейік, "Челсидің" ресми сайтында Дастан Сәтпаевтың профилі әлі пайда болған жоқ.
Дастан Сәтпаев "Челсиде": не белгілі?
Еске сала кетейік, вингердің лондондық "Челсиге" ауысатыны туралы 2025 жылдың 10 ақпанында жарияланған болатын. "Қайраттың" баспасөз қызметі трансфердің рәсімделгенін, бірақ Дастан "Челсиге" тек 2026 жылдың жазында, кәмелетке толғаннан кейін ғана қосыла алатынын мәлімдеген еді.
Іс жүзінде Дастан Лондонға бір ай бұрын ұшып кеткен және жаңа командасының сапында жолдастық кездесулерде дебют жасап үлгерді. Дегенмен, енді ғана ол Ағылшын премьер-лигасының матчтеріне ресми түрде мәлімдемеге енгізіле алады.
Айта кетерлігі, қазақстандық футболшы "Челси" сапындағы алғашқы ойынында-ақ гол соғып, одан кейін "Тоттенхэм", "Ювентус" және "Джохорға" қарсы кездесулерде алаңға шықты.
Түрлі болжамдар бойынша, ағылшын клубы қазақстандықтың ауысуы үшін 2,4-тен 4 миллион еуроға дейін төлеген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Бұған дейін БАҚ беттерінде Дастан Сәтпаев "Челсиден" жалдау шартымен басқа клубқа ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған. Ықтимал нұсқалардың қатарында ағылшындық "Халл Сити", франциялық "Страсбур", тіпті "Қайрат" та аталып отыр.

Читайте на сайте