World News in Kazakh

“Спартактағы“ алғашқы қазақстандық: келіссөздер туралы белгілі болды

Грозныйлық "Ахмат" клубының спорт директоры Руслан Газзаев мәскеулік "Спартак" Қазақстан құрамасының вингері Максим Самородовтың трансфері бойынша келіссөздер жүргізгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Sport Championat сайтына сілтеме жасап.
Журналист Анар Ибрагимов өзінің телеграм-арнасында мәскеулік клуб "Ахматқа" қазақстандық ойыншы үшін 8 миллион еуро ұсынғанын, ал Самородов жеке келісімшарт талаптарын мақұлдап қойғанын хабарлады.
Грозныйлық клуб өкілі келіссөздердің расымен де болғанын, бірақ қазіргі уақытта тараптардың ортақ мәмілеге келуден әлі де алыс екенін айтты.

"Бүгінде "Спартакпен" ешқандай келіссөздер жүріп жатқан жоқ, бірақ бұған дейін болды. Қазіргі уақытта трансфер түрлі себептерге байланысты жүзеге асқан жоқ. Мүмкін, біз осы трансферлік терезеде немесе қыста ортақ шешім табармыз, біз оған дайынбыз. Егер "Спартактың" келіссөздерді жалғастыруға ниеті болса, клубтар өзара келісіп, ымыраға келеді деп үміттенемін. Бірақ бүгінге ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ", - деді Газзаев.

Самородов - Қазақстан құрамасының көшбасшысы
Еске салайық, 24 жастағы Максим Самородов 2024 жылғы тамызда "Ахмат" (Грозный, Ресей) клубына ауысқан болатын. Осы уақыт ішінде Ақтөбе футболының түлегі 14 гол соғып, 14 нәтижелі пас беріп, негізгі құрамның тұрақты ойыншыларының біріне айналды.
Transfermarkt порталының бағалауы бойынша, Қазақстан құрамасында Самородовтан тек Дастан Сәтпаев қана қымбат (3,5 миллион еуроға қарсы 3 миллион еуро).












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Maxim Samorodov (@samorodov_10_) жарияланымы


Айта кетейік, "Спартак" - Ресейдің ең атақты және танымал командаларының бірі. Өткен маусымда мәскеуліктер кезекті рет ел кубогының иегері атанды. Сонымен қатар, клубтың бүкіл тарихында оның сапында бірде-бір Қазақстан өкілі өнер көрсетпеген.
Ресей премьер-лигасында қанша қазақстандық ойнайды?
Қазіргі уақытта Ресейде Максим Самородовтан бөлек Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі өнер көрсетіп жүр. Олар: Макстың командаласы Ғалымжан Кенжебек, сондай-ақ "Зенит" қорғаушысы Нұралы Әліп пен "Динамо" жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов.

Читайте на сайте