World News in Kazakh

“Қайраттың“ еурокубок іріктеуіндегі соңғы қарсыласы анықталды

Бельгиялық "Андерлехт" Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раундында грекиялық "ПАОК"-ты жеңді. Олар енді турнирдің ортақ кезеңіне жолдама алу үшін алматылық "Қайратпен" бақ сынасады, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Чемпиондар лигасынан "Левскиден" ұтылып шығып қалған алматылықтар Еуропа лигасындағы жолын жалғастырып жатыр.
"Қайрат" - "Андерлехт" матчтері 20 және 27 тамыз күндері өтеді. Бұл жолы қазақстандықтар үшін алғашқы кездесу өз алаңында болады.
Бельгияның ең атақты клубы Қазақстанға келе жатыр
Брюссельдік команда ел чемпионатын 34 рет жеңіп алған - бұл ұлттық рекорд. Сонымен қатар, команда соңғы рет 2017 жылы бірінші орынға ие болған еді.
Өткен маусымда команда төртінші орынға тұрақтап, ұлттық кубоктың финалында есе жіберді. Осыған байланысты олар Еуропа лигасының іріктеу кезеңін екінші раундтан бастауға мәжбүр болды.
Ол кезеңде команда швециялық "Хаммарбюді" қиындықпен жеңіп (қонақта 1:1, өз алаңында 3:1), үшінші раундта "ПАОК"-пен кездесті. Мұнда олар екі рет жеңіске жетті (0:1 және 3:2).
"Андерлехт" құрамы алматылық клубтан сегіз есе қымбат (9,2 миллион еуроға қарсы 81,4 миллион еуро). Команданың ең қымбат екі ойыншысының әрқайсы 10 миллион еуро тұрады - бұл "Қайраттың" бүкіл құрамынан да қымбат.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

RSC Anderlecht (@rscanderlecht) жарияланымы


Айта кетейік, "Андерлехттен" жеңілген жағдайда да алматылықтар маусымның аяғына дейін Еуропада өнер көрсетеді. Команда кем дегенде Конференция лигасының жолдамасын Чемпиондар лигасының өткен іріктеу кезеңінде-ақ иеленген болатын.
Атақты клубтардың қайсы Конференция лигасында ойнайтыны әзірге белгісіз, ал маусым қорытындысы бойынша италиялық "Милан" мен "Ювентус" Еуропа лигасының ортақ кезеңіне өтіп қойды.
"Қайрат" - "Андерлехт" матчі қайда өтеді?
УЕФА сайтындағы ресми деректер мен "Қайраттың" әлеуметтік желілеріне сүйенсек, 20 тамызда "Қайрат" "Андерлехтті" Алматыдағы өз стадионы "Орталықта" қабылдайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Сонымен қатар, 15 тамызда "Ұлытауға" қарсы ойынды команда "Қайрат" академиясының алаңында жабық режимде өткізетіні жарияланды.
Бұл 14 тамызда өтетін Канье Уэсттің концертінен кейін "Орталық" стадион алаңын қалпына келтіру жұмыстарымен байланысты.
Естеріңізге сала кетейік, осы концерттің кесірінен "Қайрат" Чемпиондар лигасында "Левскиді" Түркістандағы аренада қабылдауға мәжбүр болған еді.

Читайте на сайте