World News in Kazakh

“Енді қайтеміз?“ - Канье Уэстің Алматыдағы концерті өтпей қалғанына жұрт не деп жатыр?

Канье Уэстің Алматыдағы көптен күткен концерті басталуға тиіс уақыттан кейін көп ұзамай кейінге шегерілді. Әлеуметтік желілерде бұл жаңалық бірден қызу талқыға түсті: біреулер көңілі қалғанын жасырмады, енді бірі жағдайды әзілге айналдырды, ал кей қолданушылар концерттің өтпей қалу себебіне қатысты түрлі болжам айта бастады. Толығырақ Tengrinews.kz-тен оқыңыз.
Канье концерті қалай кейінге шегерілді?
Алматыдағы күндізгі жарықтың жаппай өшуі мен жел мен жаңбырға қарамай жанкүйерлер әлемге әйгілі Канье Уэстің концертін көру үшін Орталық стадионға барды. Көрермендерді алаңға концерт басталардан бірнеше сағат бұрын кіргізе бастаған.
Канье сахнаға шығуға санаулы минут қалғанда стадионда хабарландыру жасалды. Концерттің келесі күнге, 15 тамызға ауыстырылғаны айтылды. Ұйымдастырушылар мұндай шешім қауіпсіздікке байланысты қабылданғанын түсіндірді.
Көп ұзамай Канье де X әлеуметтік желісіндегі парақшасында концерттің кейінге шегерілгенін жазып, осы себепті растады.

"Алматы тұрғындарына. Ауа райына байланысты бүгінгі концерт ертеңге ауыстырылады. Денсаулық пен қауіпсіздік - біз үшін басты орында. Ертең кездескенше!"

Threads-тен скриншотҚазнеттің реакциясы да көп күттірген жоқ.Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде не жазып жатыр?
Мұндағы басты тақырып, әрине, Канье Уэстің келуі мен концерттің кейінге шегерілуі Алматыдағы жарықтың өшуі және қолайсыз ауа райымен қатар келгені туралы болды.
Threads-тен скриншот
Көпшілік Канье концертіне жеткенше Алматыда бір күн ішінде болған түрлі төтенше жағдайларды әзілмен еске алды.
Threads-тен скриншотӘрине, басты тақырып - блэкаут.
Threads-тен скриншот
Кейбір қолданушылар концерттің кейінге қалғаны жақсы болған шығар деп есептейді. Тіпті бұл Канье үшін де дұрыс шешім болғанын айтқандар бар.

Threads-тен скриншот
Концерттен қайтқан жұрттың бір бөлігі шығынын есептей бастады. Мәселен, кейбірі Канье үшін концерттің кейінге шегерілуіне байланысты "шот шығарып" қойған.
Threads-тен скриншот
Ал кейбір көрерменнің шығыны одан да көп болған. Сондықтан олар бір түннің ішінде "теңізге кетіп, Каньені ұмыту керек пе, әлде бәрібір концертке бару керек пе" деген таңдау жасауға мәжбүр.
Threads-тен скриншот
Кейбірі кейінге шегерілген концертке арналған билетін сатуға шешім қабылдаған.
Threads-тен скриншот
Threads-тен скриншот
Сұраныс бар жерде ұсыныс та болады. Сондықтан желіде билет сатып алғысы келетіндер де аз емес.
Threads-тен скриншот
Тағы бір бөлек талқылауға Астана мен Алматы арасындағы дәстүрлі әзілге құрылған "тартыс" себеп болды. Әлеуметтік желі қолданушылары болған жайттың бәріне астаналықтар кінәлі деп қалжыңдады.
Кей жазбаларда елорда тұрғындары алматылықтарды жаппай "көз тигізді" деген әзіл айтылған.
Threads-тен скриншот
Ал алматылықтар енді қаланы адыраспанмен аластап, "көзден тазарту" керек деп әзілдеп жатыр.
Threads-тен скриншот
Сондай-ақ, жұрт қаладағы табиғи және басқа да тосын жағдайларды америкалық рэпердің келуімен байланыстыруын жалғастырды.
Threads-тен скриншот
Ал бүгінгі күнді кей қолданушылар былай сипаттады:
Threads-тен скриншот
Концерт неге өтпей қалды - жанкүйерлердің болжамыӘлеуметтік желіде негізінен екі нұсқа айтылып жүр.
Бірінші болжам бойынша, Канье Уэстің сахнасының бір бөлігі саналатын үлкен шар тәрізді құрылым зақымданған. Сол себепті концертті кейінге шегеруге тура келген болуы мүмкін.

Бұл - оның концерттерінде жиі қолданылатын ерекше көрнекі элемент. Әртіс концерт кезінде алып жарты шар пішіндес экранның үстіне шығады.

@zeiin_ibaidulla неге бұлай?@firstmediagroup????#yetour #almaty ♬ son original - Piano Soin - Tutoriels

Екінші болжам ресми түсініктемемен сәйкес келеді: қатты жел мен жаңбыр салдарынан Канье концертті кейінге шегеруге шешім қабылдаған. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде де жазды.
Концерт алдында Алматыда не болды?
Канье Уэстің концертіне бірнеше сағат қалғанда Алматыда тосыннан электр жарығы өшті. 14 тамызда шамамен сағат 15:00-де қаланың бірнеше ауданында жарық сөне бастады. Кейін Алматы облысының тұрғындары да электр қуатының үзілуі туралы хабарлады.
Ақау көп ұзамай Алматы мен облыс аумағынан асып кетті. Жарықтың өшуі Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне таралып, бастапқыда ойлағаннан да ауқымды болып шықты. Электр қуатына қатысты мәселе Орталық Азияның бірден төрт елінде байқалды.
Энергетика министрлігі мұны энергожүйеде қуат ағынының күрт өзгеруімен түсіндірді. Яғни Орталық Азияның энергожүйесі жағынан электр қуаты ағыны кенет өзгерген.
Осының салдарынан Алматыда бағдаршамдар үш сағатқа жуық жұмыс істемей қалды, көшелерде кептеліс пайда болды, су беру жүйесінде де үзілістер байқалды. Ал желіде Канье Уэстің электрик киімінде, тістеуік ұстап, электр жабдығының жанында тұрған жасанды интеллект көмегімен жасалған суреті әзілге айналды.
Кейін әлеуметтік желілерде рэпердің электр желілерін жөндеп немесе Алматыдағы жарықты "қалпына келтіріп" жатқанын бейнелейтін өзге де жасанды интеллект суреттері тарады.
Threads-тен скриншот
Концерт "Қайраттың" матчтерімен қабаттаса жаздады
Канье Уэстің Алматыдағы концерті 17 шілдеде жарияланды. Алайда көп ұзамай оны өткізу орнына қатысты мәселе туындады. Орталық стадион - "Қайрат" футбол клубының үй алаңы, ал команда тамыз айында Еурокубоктағы ойындарын жалғастырып жатқан.
Клуб концерттің күнін өздерімен келіспегенін мәлімдеді. Бұған қоса, "Қайрат" өкілдері алып сахнаны орнату және кейін жинау жұмыстары футбол алаңының төсенішіне зиян келтіруі мүмкін деп алаңдаған.
Осы келіспеушілікке байланысты ұйымдастырушылар билет сатылымын бір күнге кейінге шегерді - 20 шілдеден 21 шілдеге ауыстырды. Соған қарамастан, концерттің 14 тамызда дәл Орталық стадионда өтетініне сендірді.
Ақырында стадион Канье Уэстің шоуына берілді. "Қайрат" УЕФА-ға ықтимал үй матчтарының бірін басқа жерге ауыстыруды сұрап өтініш жасады. Нәтижесінде ойынның "Түркістан Аренада" өтуіне келісім берілді.

Читайте на сайте