World News in Kazakh

Қарағандыда Mercedes теміржолда қалып қойған: видео

Желіде қазақстандықтар теміржолда қалып қойған Mercedes автокөлігін итеріп шығарып жатқан видео пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Бейнежазбада бір топ ер адам жұмыла әрекет етіп, көлікті рельстен шығарғаны көрінеді. Видео әлеуметтік желіде тез тарап, қолданушылардың назарын оқиғаның ерекшелегінінен бұрын, куәгерлердің әрекеті аударды: жүргізушілер бейжай өтіп кетпей, бірден көмекке келген.
eKaraganda Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 13 тамызда сағат 17:06-да Майқұдықтағы реттелетін өткелде, Ақадыр - Қарағанды Сұрыптау учаскесінің Майқұдық - Жаңа Қарағанды аралығында болған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ҚАРАҒАНДЫ/ХАБАРЛАНДЫРУЛАР/ЖАРНАМА (@one_karaganda) жарияланымынан


"ҚТЖ" ақпаратына сәйкес, автокөлік өткелдің үстінде кенет тоқтап қалған. Жүргізушіге жол қозғалысының басқа қатысушылары мен теміржолшылар көмектесті. Сағат 17:10-да көлік жолдан шығарылды.
"ҚТЖ" өкілдері өткелдегі дабыл құрылғылары дұрыс жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Пойыздар кешікпеді, ешкім зардап шеккен жоқ.

Читайте на сайте