Алматыда Үшкемпіров көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты тағы жабылды
Алматыдағы Үшкемпіров көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.
Жолдың Алаша көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі аралығында қозғалыс 20 тамыз сағат 20:00-ге дейін уақытша шектеледі. Әкімдік өкілдері ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты қозғалысты бастау мерзімі өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.
Фото: Almaty_Joly Telegram-арнасынан
Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүретін бағыттарын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді алдын ала ескеруін сұралады. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен қолайлығын қамтамасыз ету үшін учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың мамырында бұл көшенің әл-Фараби даңғылынан 5-ші тұйық көшеге дейінгі аралығы жабылған болатын.
Алматыдағы көлік қозғалысына қатысты қазіргі шектеулер
17 шілдеден 30 тамызға дейін - Бекешев көшесінің Әбділдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Себебі - кәріз коллекторының құрылысы.
Алматыда жүргізушілер үшін шектеу енгізілді
Бұған дейін Алматыда осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысын шектейтін жол белгілері орнатыла бастағаны хабарланған болатын.
Шектеу күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін Саин көшесі, әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма автомобиль жолы және Рысқұлов даңғылы шеңберінде қолданылады.
Тағы оқыңыз: Алматыда автобус жолақтары қай жерде алып тасталды: не өзгерді?